Қоғамдық кеңес отырысы

0
114

Қоғамдық кеңес отырысы

Жуырда Бородулиха аудандық «Нұр Отан» филиалының ғимаратында «Нұр отан» партиясы жанындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Бұл отырысқа қоғамдық кеңестің мүшелері, бөлім басшылары белсенді партия мүшелері қатысты. Отырысты Бородулиха аудандық «Нұр отан» партиясы филиалы жанындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» қоғамдық кеңесінің төрағасы Ю. Ковязин ашып, осы мақсатта партияның алға қойған мақсаттарын түсіндіре отырып, жиналғандарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» қоғамдық кеңесінің заң аясында атқарылып отырған міндеттерді айқындап, күн тәртібімен жиналғандарды таныстырды. Отырыста «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалу барысы туралы аудандық бөлімдердің басшылары, атап айтқанда: аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы З. Кошкарбаева, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ф. Белбеев, аудандық сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Б. Маймаковтар осы бағытта атқарылған жұмыстары жөнінде баяндамалар жасады. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бағдарламалық жұмыстар жалғаса бермек. Нұр Отан» партиясы филиалының жанындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жөніндегі қоғамдық кеңестің қатысушылары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясында құқықбұзушылықтарға жол бермеу қажеттігіне назар аудартты.
М. Атаева

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here