Емдеу мекемелерін аралады

0
126

Емдеу мекемелерін аралады Емдеу мекемелерін аралады

«Халықтың денсаулығы басты байлық» десек, Бородулиха ауданы орталығындағы аурухана соңғы жылдары халықтың денсаулығын тексеретін әртүрлі заманауи технологиялармен толықтай жабдықталғаны туралы газет беттерінде көптеген материалдар жазған болатынбыз. Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі денсаулық сақтауды дамытудың 2016–2020 жылдарға арналған «Денсаулык» бағдарламасының шеңберінде қызмет етеді. Жуырда Бородулиха ауданы бойынша 2016 жылы сатылып алынған медициналық құрал-жабдықтардың тиімді пайдалануын бақылау мақсатында аудандық қоғамдық кеңестің комиссия мүшелері: қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы У. Майжанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Байжанов, аудандық маслихаттың депутаты В. Ежова мен Н. Романовалар аудандағы емдеу мекемелеріне барып заманауи жаңа медициналық құрал-жабдықтарды өз көздерімен көріп, қызмет баптарымен танысып қайтты. Аудандық ауруханаға бұл құрал жабдықтар соңғы жылдары жас нәрестелер мен ересектердің түрлі ауруларының алдын-алу мақсатында, аудан тұрғындарының денсаулығын нығайту аясында сатып алынды. 2016 жылы «Парыз» Қайырымдылық қорының қаражаты есебінен 4 жақты келісім шарт аясында 104 млн. 900 мың теңге сомасына 54 бірлік медициналық құрал-жабдық сатылып алынды. Сонымен қатар, облыстық бюджет қаражаты есебінен 6 млн. 125 мың теңге сомасына 3 бірлік медициналық құрал-жабдық алынды.
Орталық аудандық аурухананың ЭКГ кабинеті мен жедел жәрдем бөлімшесі, сондай-ақ ауданның 5 дәрігерлік амбулаториясы электрокардиограммалармен (6 каналды) жабдықталған.
ОАА-ның интенсивті терапия бөлімшесіне және терапия бөлімшесіне электрокардиограммалармен (12 каналды) сатып алынды. Сонымен қатар, интенсивті терапия бөлімшесі Fabius plus, анестезия құрылғысымен, ересектерге арналған төсек жанында тұратын екі монитормен, лорингоскоп жиынтығымен, залалсыздандырылған заттарды сақтайтын екі «Панмед-IC» камерасымен, медициналық сорғымен жабдықталды. ОАА хирургия бөлімшесі мен Жезкент емханасына да медициналық сорғы мен медициналық шамшырақтар алынды.
Қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлімді төмендету үшін ОАА-ның қабылдау бөлімшесіне веналық тромбоэмболияға және миокард инфарктісіне жедел диагностика жасауға арналған сканері бар cobas анализаторы да сатылып алынды. Ол миокард инфарктісі диагнозын дәлме-дәл анықтауға және арнайы ем белгілеуге мүмкіндік береді екен.
ОАА-ның клиника-диагностикалық зертханасы ГП-80-Ох-ПЗ залалсыздандырғышымен жабдықталған. Сол күні қоғамдық комиссия мүшелері арнайы балалар бөлімшесіне және бірнеше бөлімдерге ат бастарын бұрып, облыстық бюджет қаражаты есебінен балалар бөлімшесіне, босандыру бөлімшесіне және ОАА-ның ОСБ-сіне төсек жанында тұратын монитор мен нәрестелерге арналған үстел трансформер, ГК-100 пар залал-сыздандырғышы (автоклав) сатылып алынған құрал –жабдықтардың жұмысымен танысты. Бұдан бірнеше жыл бұрын диагностикалық құрал-жабдықтарды алғанға дейін, медициналық қызметтің кейбір түрлері бойынша сырқат адамдарды өздері тұратын жерден алыста орналасқан емхана мекемелеріне жіберуге тура келетін. Ал құрал-жабдықтарды алғаннан кейін сырқат адамдар өздері тұратын мекен-жайдың өзінде медициналық қызметтер алуға мүмкіндік алды.
Бүгінгі таңда барлық сатылып алынған медициналық құрал-жабдықтар білікті мамандардың жұмыс жасауымен аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Медициналық құрал-жабдықтардың тиімді қолданылуы тұрғындардың сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділік деңгейін көтеруге оң әсер етуде. Миокард инфарктісін анықтау жағдайлары 1,5 есеге артты. Соның арқасында тиімді ем қолданыла бастады, сырқат адамның стационарда жату мерзімі қысқарып, ем алғаннан кейін тұрақты күтімді қажет етпейтін сырқаттардың саны көбейді.
Бүгінгі таңда жаңа диагностикалық құрал-жабдықтардың көмегімен онкологиялық ауруларды анықтау пайызы да артты. Реанимациялық және анестозиологиялық қызметтерге құрал-жабдықтар алу, балалар өлімінің көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік берді. (егер 2016 жылдың 8 айы ішінде балалар өлімінің көрсеткіші 9,2 –ні (3 өлім) құраса, 2017 жылдың сондай мерзімі ішінде балалар өлімі тіркелген жоқ).
Құрал-жабдықтар алғаннан бастап аудан тұрғындарын дәрігерлік тексеруден өткізуге, талдамаларды орындау жылдамдығын көтеруге, зерттемелердің өткізгіштігін қабілеті мен шынайылылығын арттыруға мол мүмкіндіктер бар. Осының бәрі аудан тұрғындарының сапалы дәрігерлік көмекке қолжетімділік деңгейін көтеруге мүмкіндік беруде,- дейді аудандық емдеу мекемесі директорының орынбасары Олжас Зейноллаұлы. «Елбасының стратегиялық жоспарын іске асыруда оның сенімді тірегі болып азаматтардың әл-ауқатын бұдан әрі өсуіне қоғамдық кеңес мүшелері де өз үлестерін қосуда. Алдағы уақытта аудандық қоғамдық кеңес мүшелері жүктелген міндеттерді орындауда ел игілігі жолында халықпен тығыз жұмыс жасай беретінініне сеніміміз мол.

М.АТАЕВА
Фото автордікі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here