Үш тұғырлы тіл — уақыт талабы

0
172
Үш тұғырлы тіл - уақыт талабы
SAMSUNG CSC

Үш тұғырлы тіл - уақыт талабы

Қасиетті жұма күні, қыркүйек айының 15-ші жұлдызында «Тіл шеруі» фестивалі үш тілде біріктіре өткізіліп, үш тілдің тұғырлығын, қазақ тілінің сұлулығын, өткірлігін тағы да бір рет дәлелдеді десек те артық айтқандық болмас. Осындай іс-шаралардың көп өткізілуі тілімізді одан әрі жетілдіріп, діліміз бен мәдениетіміздің Бородулиха өңірінде кең қанат жаюына зор үлесін қосатындығына куә болдық.
Президентіміз Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай, бүгінгі кезде үш тұғырлы тіл мәселесіне ерекше көңіл бөлудеміз. Соның дәлелі ретінде орыс және ағылшын тілдерін ұмыт қалдырмай ШҚО Бородулиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тіл мерекесіне арналған «Тіл шеруі» фестивалін үш тілде өткізуді ұйғарған. Әрине, бірінші болып мәреде тұрған туған ана тіліміз, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі осы фестиваль-дің шымыл-дығын ашты.
Фестиваль бір ән-күймен және әсем бимен асқақтап өткен жоқ. Ауданымызды мекендеген кәріс, орыс, украин, белорус, неміс және татар ЭМБ көрмелері жиналған жұртты өзіне үйіртті. ШҚО Бородулиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марина Шамильевна Досмагамбетова осы фестивальда жасаған баяндамасында «ХХІ ғасырда Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемде Жаңа Қазақстан» атты жолдауында «үштұғырлы тіл» саяси мәдени бағдарламасын ұсынуы қай кездеде көптілділіктің қай ғасырда да көптілділіктің заман талабы екенін ұғындырғандай.
Тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта елiмiзде тiл саясаты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тiкелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында тiл саясатына, оның iшiнде қоғамдағы мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру мәселесiне тоқталмай өткен емес. Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл, орыс тiлi – ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi – жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» -деген болатын.
Үштұғырлы тiл – дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бiрi, ол өмiрлiк қажеттiлiктен туындаған игiлiктi идея екенi белгiлi. «Тiлдердiң үштұғырлығы», дәлiрек айтқанда, үш тiлдi, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн Қазақстан азаматтарының бiрдей меңгеруiн меңзегенiмен, бұның түпкi негiзi, көздеген мақсаты – мемлекеттiк қазақ тiлiнiң халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тiлдерiмен тең қолданылатын биiкке жеткiзу, қазақ тiлiн әлемдiк тiлдер қатарына қосу үшiн нақты ұмтылыс жасау. Біз оның қалай жүзеге асып жатқанына аудандағы тілдік ахуал негізінде куә болып жатырмыз»,-дей келе барша фестивальге қатысушыларды тіл мерекесімен құттықтады.
Одан ары қарай ШҚО Бородулиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марина Шамильевна Досмагамбетова Бөлім басшысы Марина Досмаганбетова өз қолымен «тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі үшін» Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Мәулетхан Ахметұлы Сегізбаевты, «Аудан тынысы-Пульс района» газетінің тілшісі Әбіл-Серік Әбілқасымұлы Әліәкбарды, Жезкент орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бауыржан Мейржанұлы Рахымбаевты, Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебінің мұғалімі Сая Уәлиханқызы Қалибаеваны, Жезкент орта мектебінің ағылшын тілінің мұғалімі Елена Грачяевна Мелянды және Комаров атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елена Владимировна Осипованы марапаттады.
Ауданымызды мекендеген кәріс, орыс, украин, белорус, неміс және татар ЭМБ және АМҮ мен Бородулиха достық үйі ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламада ұлттық билер биленіп, халықтық әндер шырқалды.
Осы аудандық «Тіл шеруі» фестиваліне Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Айнұр Дүйсенбайқызы қатысты. Ең қуаныштысы осы күнгі салтанатты «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының қазақ редакциясының редакторы Құралай Слямбекова түсіру тобымен келіп, фестивальге қатысушы Бородулиха ауданы тұрғындары мен ЭМБ мүшелерінен сұхбаттар алып жұртшылық пікірін білді.
Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Айнұр Дүйсенбайқызы: «Үштұғырлы тiл – дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бiрi, ол өмiрлiк қажеттiлiктен туындаған игiлiктi идея екенi белгiлi. «Тiлдердiң үштұғырлығы», дәлiрек айтқанда, үш тiлдi, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн Қазақстан азаматтарының бiрдей меңгеруiн меңзегенiмен, бұның түпкi негiзi, көздеген мақсаты – мемлекеттiк қазақ тiлiнiң халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тiлдерiмен тең қолданылатын биiкке жеткiзу, қазақ тiлiн әлемдiк тiлдер қатарына қосу үшiн нақты ұмтылыс жасау. Қандай мемлекет болмасын, оның ең әуелi мән берiп,ұлықтайтын тiлi, әрине мемлекеттiк тiлі. Елбасының «Бiз бүкiл қазақстандықтардын басын бiрiктiретiн басты фактор – мемлекеттiк тiл – қазақтардың туған тiлiн дамыту үшiн барлық күш-жiгерiмiздi жұмсауымыз керек»-деуiнiң өзi әрбiр саналы азаматтарға көп жайды аңғартса керек. Қазiргi жастар елiмiздiң болашағы қазақ ұлтымен, оның мемлекеттiк тiлiмен тiкелей байланысты екенiн жақсы түсiнедi және сонымен қатар әлемдiк үдерiстiң талабына сай көп тiлдi меңгерудiң де өмiр талабы екенiн жақсы бiледi» деп өз ойын ортаға салды.
Көкжиегімізді кеңейтіп, өзгемен тереземіз тең болу үшін, әлемдік аренада үлкен беделге ие болу үшін де ғылым-біліммен қарулануымыз керек. Оған тек тілдерді меңгеру арқылы ғана жетеміз. Олай болса, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар меңгерген бәсекеге қабілетті ұлт атану – бәріміздің негізгі мақсатымызға айналуға тиіс деп жүректерге ой салған «Тіл шеруі» фестивалі осылайша дүркіреп өтіп өз мәресіне жетті.

С. Бақанаси

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here