Астанадағы жәрмеңке

0
192

Астанадағы жәрмеңке Астанадағы жәрмеңке

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында қуатты Қазақстан дегеніміз ең алдымен өңірлердің дамуы деп баса айтты. Осы орайда Астанада өтетін жәрмеңкелердің Шығыс Қазақстан облысы өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оңды ықпал етері сөзсіз.
Үстіміздегі жылғы 16-17 қыркүйек күндері Астана қаласының Қазақстан спорт кешенінде Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.
Аталмыш шара облыстың қол жеткен жетістіктеріне, оң инвестициялық беделінің қалыптасуын көрсетуді, өңірде шығарылған тауарларды әйгілеуді және өңіраралық байланыстарды нығайтуды көздейді. Жәрмеңкеге облыстың барлық 15 ауданы мен Өскемен және Семей қаласынан үздік кәсіпорындар қатысты. Оның ішінде біздің Бородулиха ауданының үздік кәсіпорындары өз өнімдерін астаналықтарға ұсынды. Арнайы тұрғызылған шатырда өңіріміздің кәсіпорындары әкелген 344 тоннадан астам тауар астаналық тұтынушылардың назарына ұсынылды. Тауарлардың Астана қаласының азық-түлік базарларындағы белгіленген бағадан 15-20 пайызға арзан сатылды. Шығыс қазақстандықтар ет-балық өнімдері, сол сияқты жеміс-жидектер мен бал да мол сұранысқа ие болды.
Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары К.Бичуинов «Осы жәрмеңкеде біз өзімізге бөлініп берілген 5 сауда палаткасында 2 тонна өсімдік майын, 2 тонна бал өнімдерін, 1,5 тонна ет, 1 тонна шұжық, 1 тонна сүт өнімдерін саудаладық. Жиыны біздің ауыл-шаруашылық өнімін өндірушілер осы жәрмеңкеде 7,5 тоннадай өздері шығарған тауарларын сәтімен саудалап қайтты»,-Астаналықтарды көптен күттірген қол жетімді бағадағы азық түлікпен қамтамасыз ете білген жәрмеңке Астана қаласының Қазақстан спорт кешенінде Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өз өнімдерін саудалайтын дәстүрлі орнында өткенін жоғарыда сөз еткен болатынбыз. Ауыл-шаруашылық өнімдерінің жаппай сатылымында кісі қарасы қалың болғаны айтпаса да түсінікті.
Өткен демалыс күндері Астана қаласының тұрғындары мен қала қолнақтары арзан, әрі экологиялық жағынан аса сапалы азық-түлік түрлерін сатып алуға мүмкіндік алды. Астана қаласының Қазақстан спорт кешенінде өткен жәрмеңкеге шығыс дихандардың азық-түлігі мен жеміс-жидегі жеткізілді. Өскеменнен шығып, Астанаға бет алған 344 тонна ауылшаруашылық өнім түрлері тиелген автокөлік керуеніне қосылған біздің фермерлер өнімін аудан әкімінің орынбасары Кенеғұл Бичуинов өзі бастап барды. Ол жәрмеңкеден Дмитриевканың картобы, Ново-Шульбаның балы, сонымен қатар көршілес Абай ауданының брендке айналған Саржал қымызын астаналықтар түгелдей талап әкеткен.
Күннің салқын, әрі жауын-шашынды болғанына қарамастан, қалалықтар арзан, әрі сапалы азық-түлікті түрлерін сатып алғанға разы болса, ал алыстан жеткен дихандар тауарларының түгелге жуығы сатылып кеткеніне мәз.
Тұтастай алғанда, біздің жерлестеріміз қатысып қайтқан аталмыш жәрмеңкенің облыстың инвестициялық мәртебесін қалыптастыруға, сол сияқты аймағымыздың әр өңірінде жасалған тауарларды әйгілеуге және өңіраралық байланысты нығайтуға оң ықпалы болғаны сөзсіз.
С.Әбілқасымұлы
Фото: ААБ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here