Бағыт – айқын, мақсат – анық

0
215

Бағыт – айқын, мақсат – анық

Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасында қойылған міндеттер біздің сала үшін өте маңызды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» заң жобасының тұжырымдамасының жасалуы змана талабы.
Ендігі кезекте жоғарыда айтып өткенімдей, «100 нақты қадамның» заң саласына бағытталған қадамдары бүгінгі заман талабына сәйкестенідірілген негізгі бағыттарын айқындап, әділет басқармасы қызметкерлеріне қойылатын нақты талаптарды белгілеп беріп отыр. Олар:- Бүгінгі әділет басқармасы моральдық саяси, іскерлік қасиеттері жоғары, қолы таза, жүрегі адал, қарапайым да кішіпейіл, әдепті, білімді де білікті, мәдениетті, рухы мықты, жігерлі, қажырлы да қайратты, отансүйгіш, ұлтжанды, жауапкершілігі жоғары, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін, құқықтық сауатты, өз қызметінің білгірі болу. Елбасының бұл реформасының түпкі мақсаты-елімізді ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізіп, жаһандық қауіптерге тойтарыс беру. Жалпы, қорытып айтқанда, қоғамдағы «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеп» қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгерту болып табылады. Соған орай, заман көшінен қалып қоймай, абыройлы қызмет етіп, бес реформаның іске асуына барлығымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Міне, осыған орайластырылып, Бородулиха ауданының Әділет басқармасы «Заңгерлік көмек» заң жобасының тұжырымдамасын талқылау бойынша 2017 жылдың 14 қыркүйегінде дөңгелек үстел өткізілді.
Осы аталған дөңгелек үстелге Бородулиха ауданының Әділет басқармасы «Заңгерлік көмек» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» заң жобасының тұжырымдамасын талқылау өзек болып, оған басқарма басшысы М.Ж.Байзақовтың төрағалық етті.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының, Шығыс Қазақстан облысы Нотариаттық палатасының медиаторлары қатысты. Аталған дөңгелек үстел барысында заң жобасында көрсетілген заң көмегін көрсету саласындағы мәселелер толық талқыланды, нотариустарға қатысты салық заңнамасы мен салық есептілігінің ережелері бойынша түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар олармен іс жүргізу бойынша нотариустардың жұмысын қорытындылау, нотариустармен дәлелдемелерді қамтамасыз ету және алименттерді төлеу туралы келісімдерде атқару жазбасын жасау мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел өткізу барысында төрағалық етуші заң жобасы тұжырымдамасының негізгі нормаларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Нәтижесінде қатысушылар кездесудің басты тақырыбын талқылап, барлық пікірлер ескерілді.
Кездесудің қорытындысы бойынша нотариалдық қауымдастығымен жоғарыда аталған заң жобаларын толық зерделеу бойынша ұсыныстар берілді.
Елбасымыз ұлт алдына тартып отырған Жаңа экономикалық саясаты мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаттарын шешудің бес институттық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» айқындалды. Ұлт жоспары-бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бірге жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Сонымен қатар, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға, Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Оған біздің ұжымда осындай іс-шараларды көптеп өткізу арқылы өз үлесін қосып жатыр. Ұлт Жоспарында белгіленген тапсырмалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын одан әрі жетілдіру мәселелері қамтылған. Күш құрылымдарына қатысты көптеген дүниелерді қайтадан құру тәрізді өзекті міндеттер бүгінгі күн талабымен орайлас келіп отыр.

Бородулиха ауданының Әділет басқармасы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here