Тіл тұтастығы – ел бірлігі

0
248

Тіл тұтастығы – ел бірлігі

1/ Тіл дегеніміз – ұлт.
Тіл дегеніміз тек қана қатынас құралы ғана емес. Тілдің аясына халықтың салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихы, этикасы тағы басқа көптеген ұлттық құндылықтары кіреді. Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ» -дейді атақты жазушы Шыңғыс Айтыматов. «Ұлт болу үшін ең бірінші шарт –тіл болуы» — дейді белгілі Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев. Яғни тіл дегеніміз ұлттың өзі.
Тіл алдымен тайпалық, рулық тіл кезеңінен өтіп, содан кейін ұлттық деңгейге көтеріледі, сол ұлттың әдеби тілі қалыптасады. Содан кейін барып мемлекеттік, яғни жалпыхалықтық тілге айналады. Қазіргі қазақ тіліміз де, мемлекеттік тіл болып заң жүзінде бекітілді, енді оны жалпыхалықтық тілге айналдыру осы баршамыздың міндетіміз. Өйткені тілдің тұтастығы – елдің бірлігіне қызмет етеді. Тілі бірдің – тілегі бір.
2/ Еліміздегі тіл саясаты.
Мемлекеттік тіл Барша қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор
Кеңес одағы кезінде бір ғана тіл орыс тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдық беріп, ұлттық респуликаларда ұлттық тілдің дамуына ашық кедергі жасады. Ұлттық мектептерді, балабақшаларды жауып тастады. Қазақтар еріксіз балаларын орыс тілді мектептерге берді. Кеңес үкіметінің 50-60 жылғы басшысы Н.Хрущев «Неғұрлым тезірек орыс тілінде сөйлесек, сол ғұрлым коммунизмге тезірек жетеміз» деп елді алдады.
Соның нәтижесінде қазақтар өз ана тілін ұмыта бастады. Еліміз тәуелсіздің алғалы бері қазақстан республикасында тілдер туралы заң қабылданды және 22 қыркүйек «ҚР тілдер күні» болып жарияланды.
Өздеріңізге белгілі, 1997 жылы 11 шілдеде қабылданып, бекітілген
№151-1 Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы» заңның
4-бабында: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл — қазақ тілі. мемлекеттік тілді меңгеру әрбір қазақстан азаматының борышы.
Осы заңның 5- бабында: мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен бірдей қолданылады.
Заңның 6-бабында: мемлекет қазақстан халықтары тілдерін оқыту мен дамытуына жағдай жасауды қамқорлығына алады., — деп жазылған.
3/ Н.Ә.Назарбаев:«Мемлекеттік тіл –отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан және Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.
Қазақ тілін білу – қазақстандықтардың жеке басының бәсекеге қабілеттілігін артырудың маңызды шарты. Тіл үйрену үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек» деді.
«Қазақ тілінің мемлекеттігі – қолдану аясын тарылту мақсатында орыс тіліне кедергі келтіру емес, қазақтардың тілінің жойылып кетпей, оны қазақстандағы орыс тілінің деңгейіне дейін көтеруге талпыну.
Орыс тілі біздің мәдениет байлығымыздың ажырамас бөлігі, әлемдік білімдердің қалың қатпарын танудың, ұлтаралық қарым-қатынастың тілі болған және болып қала береді». , — деді Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев.
5/ Қазақстан Республикасының «тілдер туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Бұл бағдарламада мемлекеттік тіл Барша қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор деп айқындалып, оны дамытуды 3 кезеңге бөлді.
1-кезең – 2011-2013 жылдар, 2-кезең – 2014-2016 жылдар, 3-кезең: 2017-2020 жылдар болып белгіленді.
6/ Бағдарламаның мақсатты индикаторында: 2020 жылға қарай ересектер арасында мемлекеттік тілді меңгергендер үлесін -95 пайызға, орыс тілін меңгергендер үлесін -90 пайызға, ағылшын тілін меңгергендер үлесін -20 пайызға жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, әрбір кезеңге байланысты мемлекеттік тілді меңгергендер үлесін 2014 жылға қарай -20 пайыз, 2017 жылға қарай -80 пайыз, 2020 жылға қарай -95 пайызға жеткізу көзделген.
Міне осы бағдарламаға сәйкес біздің ауылда 2011 жылдан бері мемлекеттік тілді оқыту үйірмесі жұмыс жасап келеді.
3/ Еліміздегі демографиялық жағдай.
Демографиялық базаның тілдің қолдану аясының кеңеюіне ықпалы өте зор.
1897 жылғы санақта қазақтар 3.392,7 мың, яғни қазақстандағы халықтың 81,7 пайызын құраған екен. Қалғандарын патшалық ресейдің ауылшаруашылық министрі Столыпин реформасы (1860 жылдан бастап) кезінде ресейден әкеліп қоныстандырған қарашекпендер (переселендер) құраған.
1926 жылғы санақ бойынша қазақтар 6 миллион адамға жеткен.
1931-33 жылғы ашаршылық, күштеп коллективтендіру, 1937-38 жылғы репрессия, 1941-1945 жылғы 2-дүниежүзілік соғыс қазақтардың 3,2 миллионының, яғни жартысынан көбінің көзін жойды, қалақтың біраз бөлігі шетелге қашты.
1954 жылы қазақ жерінде тың көтеру науқаны кезінде ресей, украйна, белорусиядан 1,5-2 миллиондай жастар әкелініп, соның нәтижесінде қазақтардың үлесі 28 пайызға дейін құлдырап, қазақтар өз жерінде саны аз халыққа айналды. Бұл, әрине, озбырлықпен жүргізілген солақай саясаттың әсері. Қазақ халқының біраз бөлігі тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері демографиялық жағдай өзгерді.
1989 жылғы санақта қазақстанда 16 469464 адам болса, оның 6.534616 –сын қазақтар, 6.227549-ын орыстар құраған.
1991 жылы қазақстанда тұратын 130 ұлт өкілдерінің ішінде қазақтардың саны 40 пайыз, орыстар 40 пайыз, қалғаны басқа ұлттыырдың өкілдері болған. Қазір бұл көрсеткіш мүлде өзгерген. 1 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қазақстанда 5 миллион адамды құраса, осылардың 4,2 миллионы, немесе 85 пайызы қазақ балалары (С.Бақанаси . А.Т. 8.09.17).
2013 жылғы статистикалық мәлімет бойынша мектеп оқушыларының 70 пайызы қазақ тілінде оқиды (тіл білімі институтының директорының орынбасары Анар Фазылжанова)
Кейінгі статистикалыық мәлметтер бойынша елімізде тұратын 18 миллион халықтық 13 миллионы қазақтар (72 пайыз) , 2,9 миллионы орыстар (16 пайыз), қалғаны басқа ұлт өкілдері. Жыл сайын бұл көрсеткіш қазақ ұлтының пайдасына өзгеруде.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кейбір басқа ұлт өкілдері, атап айтсақ: орыстар, немістер, украйндар, шешендер т.б. ұлт өкілдері өздерінің тарихи отанына көшті. Қазір де бұл үрдіс жалғасуда. Қай елде өмір сүру- әркімнің өз қалауы. Оларды қазақстаннан ешкім куған жоқ. Қазақстанды отаным деп таныған басқа ұлт өкілдерінің барлығы тұрғылықты қазақ халқымен тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Тіл, дін, салт –дәстүр жағынан қазақстанда барлық тұрғындар дың құқықтарына нұқсан келген жоқ. Керісінше, қазақстанда тұратын кез келген ұлт өкілдерінің тілдерін, салт-дәстүрлерін, мәдениетін дамытуына мемлекет қаражат бөліп, жағдай жасауда.
4/ Жаман әдеттен арылайық немесе қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.
Ұлты қазақ азаматтарға айтар бес тілек.
Біріншіден, . «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» — деп Елбасымыз айтқандай, алдымен қазақтардың өздері ана тілінде сөйлемесе, отбасында өз баласымен қазақ ша сөйлеспесе, өзге ешкімде бұл тілді құрметтей қоюы екі талай екенін түсінетін уақыт жетті. Ата заңымызда: «Мемлекеттік тілді білу – әр қазақстан азаматының парызы» — деп жазылған. Бұл өте дұрыс. Қазақ тілінің қазақстаннан басқа өркен жаяр жері жоқ. Дегенмен, қазақ тілін білу, сол тілде сөйлеу, оны құрметтеу — ең бірінші қазақтардың парызы , ал білмеу – ұят және намыссыздық. Ең алдымен өзіміз ана тілімізде сөйлеп, басқа ұлт өкілдеріне үлгі көрсетуіміз керек. «Қазақтың қазақтығының басты белгісі – қазақша сөйлеуі. Үйле де, түзде де. Баласымен де, немересімен де. Досымен де, туысымен де. Бажасымен де, құрдасымен де. Тек осыны жасаған адам ғана өз ана тілін өркендетуге үлес қоса алады. Әсіресе мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі керек. Болмаса басқа ұлттың өкіліне қалайша мұндай талап қоя аламыз» — деген Елбасымыздың сөзін есімізге берік ұстауға тиіспіз.
Бұрнағы жылы аулымызда аудандық, облыстық депутаттыққа кандидаттармен кездесу өткізілген. Облыстық депутаттыққа кандидат Бесқарағайлық , аудандық депутаттыққа кандидат Камышенка ауылынан екен, екеуі де ұлты қазақ азаматтар және қазақша жақсы білетіндігін өзін таныстырғанда байқадық. Сол азаматтарға сұрақтар берген 3-4 ауылдасымыз, өздері қазақ және ана тілдерін біле тұра орыс тілінде сұрақтар қойды, сәйкесінше сол тілде жауаптар алды. Сонда, «Қазақ тіл- мемлекеттік тіл» деген заңымыз, «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» — деген Елбасымыздың сөзі қайда қалады? Жоқ, ойымызды орысша жеткізбесек, айтқан тілегіміз орындалмай қалады деп қауіптеудің керегі жоқ. Осы жаман әдеттен арылуымыз керек.
Екіншіден, қазақтардың өзара қазақша сөйлесуі, елімізде тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің: «Біз қазақ елінде тұрып жатыр екенбіз ғой» , деп ойлануы үшін керек. Ойдан әрекет туындайды да, олар тіл үйренуге талпыныс жасайды.
Үшіншіден, қазақтар өзіміз өзара қазақша сөйлесу арқылы, ана тілін шала білетін қандастарымызды тіл үйренуге мәжбүрлейміз, сөйтіп жаман әдеттен арылтамыз. Олардың көпшілігі , әрине, қазақша түсінеді, тіпті сөйлей де біледі, бірақ сөзді дұрыс айтпай қалсам, күлкіге қалам да деп, жасқанады немесе бұрынғы жаман әдетіне басып, орысша сөйлеуді оңай көріп, қазақша сөйлеуді қиынсынады. Оларға осы қателіктерін түзетуге көмектесіп, қатарымызға тартамыз.
Төртіншіден, қазақтардың бір-бірімен қазақша сөйлесуі тілдік орта қалыптастырады.сонда басқа ұлт өкілдерінің қазақ сөздеріне, қазақ тілінің дыбысталу ерекшеліктеріне құлақтары бейімделіп, оны қабылдауға
жаттыға береді, бұл — олардың тіл үйренуін жеңілдетеді. Тіл үйренуге тілдік ортаның маңызы зор екені айтпаса да түсінікті.
Кез келген жағдайда қазақтар өзара қазақша сөйлессек, басқа ұлт өкілдері үшін тілдік орта деген сол.
Президентіміз айтқандай, орыс тілінде қойылған сұраққа, әрине, сол тілде жауап беру керек, ал қазақтар өзара қазақша сөйлесуге міндетті, сонда ғана қазақша сөйлейтін адамның жағымды бейнесін қалаптастра аламыз. Екі тілді жақсы меңгергеніміз, біздің өзгелерге қарағанда артықшылығымызды көрсетеді.
Қазір ұлты қазақ емес отандастарымыздың көпшілігі қазақша таза сөйлей алмаса да, қазақша сөздерді түсінетін жағдайы бар. Түсінбесе, қасындағы кез келген қазақ аудармашы бола алады. Біз, қазақтар, жаман әдетімізге басып, орысша сөйлеп, басқалардың қазақ тіліндегі сөздерді тыңдау, түсіну, сол арқылы қазақ тілін үйрену мүмкіндігінен айырып жүрміз. Яғни, қазақша тілдік ортаның қалыптасуына бөгет жасап жүрміз. Бұл мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге кері әсер етеді. Осыны естен шығармаған жөн.
Бесіншіден, қазақ тілін білмейтін адамда тілді түсінбегендіктен, «Бұлар мені жамандап тұр ма?» деген күдік немесе «Бұлар не айтып тұр екен?» деген әуестік туындайды, бұл да тіл үйренуге қызығушылығын оятады.
Белгілі қаламгер тілші Суытбек Абдрахмановтың «Н.Назарбаевпен сұхбат» кітабында Елбасымыздың: «Егер әр адам елдің туы менің қолымда деп санаса, онда елдің бағы жанады.» деген сөзін келтіреді.
Қорыта айтқанда,
Егер қазақстандық әр азамат: «Қазақстан — менің отаным, отанымның мемлекеттік тіл – менің тілім» деп түсінсе, әрекет етсе, қазақ тілінің де бағы жанады, еліміздің бірлігіне қызмет етеді. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет.

М. Сегізбаев Мемлекеттік тілді оқыту үйірмесінің жетекшісі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here