Шырағыңды өшірме!

0
205

Шырағыңды өшірме!

2017 жыылдың 10 қыркүйегінде әлем жұртшылығы осымен 15 рет Бүкіл әлемдік суицидтен сақтандыру күнін атап өтті. Биылғы жылы бұл күн «Өміріңді өзгертуге бір сәтіңді қи» ұранымен аталып өтті.
Осы бір халықаралық акциядан біздің білім ошағы да тысқары қалған жоқ. Абай атындағы ТОМ жалпы мектепішілік лездемеден бастау алды. Мектеп психологы аталған тақырыпқа ақпараттық хабарлама дайындап, ақырғы сабақтан кейін «Жүрек соғысы – өмір ұстанымы» атты жүрек кейіптес шырақ жағып оны көкке ұшырды. Бұл акция «Өз шырағыңды жақ!» деп аталды. Оған біздің оқушылардың көпшілігі атсалыса қатысты.
Психолог ұстаз ретінде айтарым:
ҚР Статистика агенттігінің басшысы А.Смайыловтың мәлім етуінше 2010 жылы Қазақстанда 145,9 мың адам қайтыс болды (2009 жылға қарағанда 2,2 пайызға көп). Өлімдердің 17,7 мыңнан астамы немесе 10 пайызы сыртқы факторлардан болған. Соның ішінде 3 мыңнан астам адам өз-өзіне қол жұмсау арқылы өмірімен қоштасқан. Оның 1728-сі қалалық жерде, 1889-ы ауылдарда болды.
Себебі, біздің ел Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде үшінші орында тұр», — деп атап өтті ол.
Басшының айтуынша, соңғы уақытта өз-өзін өлімге итермелеу фактілері 29 жасқа дейінгі адамдардың арасында артқан. Мәселен, 2010 жылы тіркелген суицидтардың жалпы санының 1286-сын немесе 35 пайызын аталған жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер мен жастар жасаған.
Атап айтқанда, 1 мың адамға шаққанда 0-11 жас аралығындағы балдырғандар арасында — 5 оқиға; 12-14 жас аралығында — 8,3; 15-17 жас аралығында — 19; 18-19 жас — 21; 20-24 жас — 26,2 және 25-29 жас аралығындағы адамдар арасында 37,4 оқиға тіркелді.
Қолымызда бар 2010 жылдың көрсеткіштеріне сүйеніп облыстар бойынша айтатын болсақ, 29 жасқа дейінгі азаматтар арасында суицид оқилары Шығыс Қазақстан облысында жиі тіркелген (182 оқиға), одан кейінгі орында Қарағанды (154), Алматы (144), Оңтүстік Қазақстан (123), Ақмола (121) және Қостанай облыстары (101) тұр.
Мақаламның соңында түйіндерім: оқушылар «Суицид» жайлы не білу керек?
Суицид дегеніміз – бұл саналы түрде өмір сүруді тоқтату, яғни осы тұрғыдан қарағанда өзіне-өзі қол жұмсау адамның саналы мінез-құлық актісі болып табылады. Әдебиеттерде суицидтік әрекеттерді көбінесе «аутожарақат», «аутоагрессия» деген терминдермен байланыстыра қарайды. Егер аутоагрессия актінің соңғы мақсаты – өзіне-өзі қол жұмсау болса, онда оны суицидтік әрекетке жатқызу керек. Сонымен қатар, қасақана дене мүшесін зақымдауды, психоз күйіндегі адамдардың аутоагрессивті актілерін және осындай басқа да іс-әрекеттерді суицидтік әрекетке жатқызуға болмайды. Жәбірленушінің немесе есі дұрыс емес адамның абайсызда өз өмірімен қоштасуы өзіне өзі қол жұмсауға жатпайды. Мұндай жағдайларда өмір үшін қауіпті іс-әрекеттер өзін-өзі өлтіруге бағытталмайды және олардың басқа да себептері мен мақсаттары болады, сондықтан оларды жазатайым оқиғалар санатына жатқызу керек. Осы анықтамаға сүйене отырып, «аутодеструктивті» немесе «мінез-құлықтың өздігінен бұзылуы»- деп аталатын жөнсіз тәуекелдің нәтижесіндегі өлімді де өзіне-өзі қол жұмсау деп есептеуге болмайды.
Суицидтік мінез-құлық – бұл өзіне қол жұмсау туралы ойларға бағытталған психикалық актілердің сыртқы және ішкі нысандары. Ішкі нысандарға суицидтік ойлар (елестету, уайымдау); суицидтік үрдістер (ниет, мақсат) сыртқы нысандарға – суицидтік көріністер, суицидке оқталу (әрекеттену) жатады.
Суицидтік ойлар (елестету, уайымдау) – өмірдің мағынасыздығы, құнсыздығы туралы пассивті ойлар («Өмір сүруге тұрғысыз», «Өмірде бақыт жоқ», «Өмір сүрмейсің тек қана күнелтесің»), сондай-ақ өз өлімі туралы фантазиялар («Өлсем жақсы болар еді», «Ұйықтап содан қайта оянбасам»), бірақ өзіне-өзі қол жұмсамау. Қандай да бір қақтығысты немесе жүйкені зақымдайтын жағдайларды бастан кешкенде әдетте суицидтік ойлар барлық адамдарда кездеседі, бірақ олар суицидтік үрдіске ұласпайды.
Суицидтік үрдіс (ниет, мақсат) – өзіне-өзі қол жұмсауды жан-жақты қарастыру, суицидтің жоспарын әзірлеу, өзіне-өзі қол жұмсау әдістерін, оның уақыты мен жүзеге асыратын орнын белгілеу болып табылады. Бұл ретте суицидттік әрекетті тікелей орындауға ниеттенуге байланысты сыртқы мінез-құлықта қобалжу байқалуы мүмкін. Осы кезеңде суициденттер көп жағдайларда өзінің суицидтік ниеттерін туыстарына, достарына, тұспалдап немесе әзілдеп (суицидтік көрініс) жеткізеді. Суициденттердің ішінде шамамен 15% мұны ашық және көпшілік алдында білдіреді. Қоршаған орта осындай ашық жариялауларды әдетте шындық ретінде қабылдамай, көбінесе көңіл аудармайды. Алайда оларды бағалауға болмайды. Осындай барлық жағдайларда, яғни ашық пікірлер айтылған кезде міндетті түрде психологтың кеңесі қажет.
Суицидке оқталу (әрекеттену) – өзін-өзі өлтіру мақсатында өз өмірін қиюға белсенді әрекеттену. Кейде суицидентке байланысты емес себептерден (жарақаттың ауыр болмауы, жіптің үзілуі, уақытылы көрсетілген медициналық көмек, реанимациялық көмек және т.б.) өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті өлімге әкеп соқпауы мүмкін. Соңына дейін жеткізілген өзін-өзі өлтіру мен демонстративтік сипаттағы өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін соңына жеткізілмеген суицид ажырата білу керек. Соңғысы өмірмен қоштасуды мақсат етпейді. Оның мақсаты көпшіліктің көңілін өзіне аудартуға немесе жоғалтқан назарын, зейінін қайтаруға қоршаған ортаның сезімі мен аяушылығына, жазалаудан құтылуға бағытталады. Өзіне-өзі қол жұмсау әдісі. Өзіне-өзі қол жұмсау әдісін, орнын және уақытын таңдау жанама түрде суицидтің аяқталуы сатысында суицидтік ниеттің қандай деңгейде күрделі екенін білдіреді. Пайдалану бойынша өзіне-өзі қол жұмсаудың мынадай әдістері:
Асылу; Қарумен жарақат келтіру; Химиялық заттармен немесе медикаменттермен улану; Жоғарыдан құлау, келе жатқан пойыздың астына немесе көліктің астына түсу.
Суицидке оқталу бойынша әдістер мынадай түрде Улану; Өзіне-өзі жарақат келтіру; Асылу,- деп бөлінеді.
Біз осылардан мектеп оқушыларын сақтай білуіміз керек.

М. Дементьева
Абай атындағы ТОМ
Педагог-психологы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here